Түркістан облысының Құрметті азаматы Байдулла Қонысбектің туғанына биыл 85 жыл. Ғұмырын қазақ баспасөзін дамытуға арнаған көрнекті қаламгердің шығармашылық мұрасы — бүгінгі ұрпаққа өнеге. Мерейтой аясында журналистика ардагерінің өмір жолы мен еңбектері енген жаңа жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті.