Саурандық оқушыларға қолдау көрсетілді

23
2026-09-10

Түркістан облысы, Қосқорған ауылының оқушылары «Мектепке жол» акциясы аясында сыйлықтарға ие болды. Шараға Сауран ауданында ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан компания мұрындық болды. Жаңа оқу жылы қарсаңында аудан басшылығы мен инвесторлар арнайы келіп, оқушыларға қажетті құрал-жабдықтарды табыстады.