Елімізде дәріханаларда сатылып жатқан Белсенді биологиялық қоспалар таңбаланады. Яғни, препараттың шыққан заводынан бастап қай дәріханға жеткізілгені бақылауда болады. Тіпті, кімге сатылғаны да цифрлық жүйеде анықталады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың Денсаулық сақтау, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің басшылығымен өткен кездесуде айтылды. Бүгінде 1 млрд-тан астам дәрілік қаптамаға таңбалау жүргізілген. Нәтижесінде, 1595 препараттың бағасы тұрақты болып қалды. 800 дәрілік зат атауының бағасы төмендегені тіркелген.