Түркістан телеарнасы мен Астана ХАБ қорының Түркістан қалалық филиалы меморандумға отырды. Бұдан былай қос тарап серіктестік аясында жұмыс істейді. Келісім-шарт негізінде телеарна мамандарына жасанды интеллектінің қыр-сыры, өзге де бағдарламалар үйретіледі. Филиал өкілдері бұл келіссөз өңірдегі медиа саланың өркендеуіне үлес қосатындығына үмітті.