Әскери қызметке шақыру науқаны басталды

3
2026-09-09

Елімізде Ұлттық ұлан қатарындағы әскери қызметке шақыру  науқаны басталды. Елордада жас жауынгерлердің алғашқы легін салтанатты түрде шығарып салу рәсім өтті. Енді әскери борышын өтеуге шақырылған 35 жас азамат Алматы қаласында орналасқан 5571 әскери бөліміне орналасады. Ал, Абай облысынан келген 20 азамат елордадағы 5573 бригадасына келмек. Осылайша, 15-қазанға дейін 7 мыңнан астам жас қазақстандық құқықтық тәртіп әскерлерінің қатарына қабылданады деп күтілуде. Сарбаздар қызмет барысында мемлекеттік объектілер мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзетуге, сондай-ақ ішкі істер органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысады. Ал, ел алдындағы міндетін абыройымен атқарған азаматтар жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие болады.