Өңірде 55 мың тонна көмір жинақталған

3
2026-09-09

Түркістан облысында өткен жылы газдандыру шараларының нәтижесінде 600 ден астам елді мекен көгілдір отынға қосылған. Дегенмен, тұрғындар мен кейбір мекемелер тарапынан қатты отынға деген сұраныс әлі де жоғары. Осыған байланысты, жылыту маусымы қарсаңында салаға жауапты мамандар Түркістан қаласындағы негізгі көмір базасына арнайы барып, отын қорының жай-күйімен танысты.