Қарағандыда құны жарты млрд теңгеден асатын вейп өнімдерін сатумен айналысқан ірі сауда желісінің жолы кесілді. Облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мәліметінше, ұйымдастырушылар өнімді өткізудің тармақталған жүйесін құрғаан. Ал, тауарларды сақтау үшін төрт қойма пайдаланылыпты. Интернет-дүкеннің жұмысын операторлар мен курьерлер қамтамасыз еткен. Құқық қорғау органдары аталған іске қатысты тінту барысында 33 мыңнан аса электрондық тұтыну жүйесін тапты. Оған қоса, вейптерге арналған 1 785 сұйықтық анықтаған. Осылайша, екі қылмыстық іс аясында жалпы құны 570 млн теңгені құрайтын өнім заңсыз айналымнан шығарылып, жойылды.