9 мәдени нысан пайдалануға берілді

10
2026-09-08

Түркістан облысында жыл соңына дейін 9 мәдениет нысаны бой көтереді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен мәжілісте белгілі болды. Бүгінде өңірдегі 801 елді мекеннің 249-ында ғана мәдениет ошағы жұмыс істеп тұр. Осы ретте бұл саланы дамыту мақсатында биыл облыс көлемінде 13 мәдениет нысанының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде алғашқы 8 айдың қорытындысымен 4 мәдениет нысаны ел игілігіне пайдалануға берілді. Айта кетейік, соңғы төрт жылдан бері облыста 26 мәдениет үйі мен клубтың құрылысы қолға алынған. Бұл нысандардың басым бөлігі, яғни 25-і «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде жүзеге асырылса, ал 1 нысан Түркістан қаласындағы Мәдениет сарайы жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынған.