Тігінші, аспаз, дәнекерлеуші, электромонтер мамандары бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие. 2030 жылға дейін дәл осындай жұмысшы мамандықтарына мұқтаждық артпаса кемімейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүйлейменова Үкімет сағатында айтты. Сұранысқа сай кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындарын жандандыру, білім жүйесін жетілдіру күнтәртібінде тұр. Жаңа оқу жылында колледждерде қандай жаңашылдық болады? Тілші тарқатады.