Заңсыз казиноның қаражаты әшкереленді

14
2026-09-08

Алматыда заңсыз интернет-казинолардың қызметін қамтамасыз еткен адамдар тобының әрекетіне тосқауыл қойылды. Тергеу мәліметінше, күдіктілер интернет-казиноларының төлем жүйесін ұйымдастырып, арнайы платформа арқылы ойыншылардан ақша қабылдаған. Топқа қатысқан шетел азаматы банк шоттарын пайдалануға беретін адамдарды іздеп, оларға 200 долларға дейін сыйақы ұсынған. Кейін дропперлерді Қазақстанға әкеліп, Жеке сәйкестендіру нөмірін рәсімдетіп, банк шоттарын аштырған. Тергеу барысында осындай шоттарға интернет-казино ойыншыларынан 110 миллион теңгеден астам қаражат түскені анықталды.