«Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды

28
2026-09-07

Қазақстанда ауқымды «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. Президент Жарлығымен іске қосылған ұлттық жоба 2027 жылдың сәуіріне дейін жалғасады. Негізгі мақсат кітап оқуды уақытша науқан емес, әр азаматтың күнделікті әдетіне айналдыру. Жобаға оқушылар мен студенттерден бастап, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер де қатыса алады. Арнайы іріктелген 330 үздік туындының ішінен әр қатысушы 15 кітап оқып шығуы тиіс. Тізімде отандық шығармалармен қатар Нобель сыйлығының лауреаттары мен әлемдік бестселлерлер бар. Арадағы үздіктер 2027 жылдың көктемінде өтетін интеллектуалдық квиз бен тест қорытындысы бойынша анықталып, ақшалай сыйлықтармен марапатталмақ. Сондай-ақ саланы дамыту үшін елімізде «Ұлттық цифрлық кітапхана» платформасы құрылып, кітапханалар заманауи коворкинг орталықтарына айналдырылады.