Түркістан облысы елді мекендерді газбен қамтамасыз ету бойынша республикада көш бастап тұр. Әсіресе Ордабасы ауданында халықты көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқын алған. Бұл мақсатқа қазынадан қомақты қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сай әрі сапалы атқарылып келеді.