Жыл басынан бері Түркістан облысында 52 адам суға кетіп, қаза болған. Оның 29-ы кәмелетке толмаған балалар. Бұл былтырға қарағанда 3 жағдайға аз. Десе де, балалар арасындағы көрсеткіш көбейіп отыр. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға тиым салынған су айдындарында болған. Мұндай облыс аумағында қауіпті 111 учаске бар. Көбі Келес, Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарында орналасқан. Оларға облыстық Төтенше жағдайлар Департаменті тарапынан 500 ден аса тыйым салу белгілері мен ақпараттық стенд тақталары орнатылыпты. Сондай-ақ, патрульдік рейдтік жұмыстар да күшейтілген.