Түркістанда 1000 литр ауыз судың құны – 61 теңге. Арзан болғанымен, қазір тіршілік нәрінің қадірі қымбат. Себебі әлемде су тапшылығы жылдан-жылға күшейіп келеді. БҰҰ сарапшыларының болжамынша, 2030 жылға қарай жаһандық су тапшылығы 40 пайызға дейін жетуі мүмкін. Бұл қауіп Қазақстанға да ортақ. Әр тамшыны ұқыпты пайдалану қаншалықты маңызды? Түркістан тұрғындары тәулігіне қанша су тұтынады? Тілшіміз Айдана Дүйсенбаева анықтап көрді.