Кеден бекетінің құрылысын бақылады

3
2026-09-07

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына арнайы барды. Сапар барысында қайта жаңғыртылып жатқан «Жібек жолы» кеден бекетінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда, инженерлік инфрақұрылым толық аяқталып, сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Алты жолақты бекет тәулігіне 70 мың адамды, 2 мың автокөлік пен 200 автобусты өткізуге мүмкіндік береді. Маңызды нысан биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған.