Елімізде жаңа әуежайлар мен вокзалдар салынады

3
2026-09-07

Қазақстан арқылы жүк тасымалдау екі есе жеделдейді. Елімізде жаңа автожолдар салынып, әуежайлар мен вокзалдар ашылады. Президент тапсырмасымен қазір көлік-логистика саласы жаңартылып жатыр. Енді елдегі әуе қатынасы кеңейді. Отандық әуекомпаниялар 32 мемлекетпен байланысып, қазірдің өзінде 161 бағыт бойынша ұша бастады. Жақын арада Жапония, Чехия сияқты елдерге жаңа рейстер ашылып, Арқалық, Зайсан, Катонқарағай мен Кендірліде жаңа әуежайлар іске қосылады. Сондай-ақ, ел аумағында 11 мың шақырым автожол мен 5 мың шақырым теміржол қайта жөнделіп жатыр. Тіпті Каспий теңізіндегі Ақтау мен Құрық порттары үшін арнайы 8 жаңа кеме сатып алынбақ. Және бұдан былай жол сапасы мен тасымал ағыны жасанды интеллект пен арнайы цифрлық жүйе арқылы қатаң бақылауда болады.