Аударыспақта қазақ батырлары топ жарды. Қазақстанның 6 спортшысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында командалық есепте көш бастады. Алысқанды алып ұрған сайыпқырандар қоржынға 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль салған. Оның үшеуін Түркістан облысының өкілдері еншіледі. Ал ұлттық ойындар бәсекесінің үш күндік қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының жалпы жүлде саны 55 медальға жетті. Айта кетсем, 6-шы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 113 елден 3 мың спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы атынан 43 спорт түрінен 152 спортшы бақ сынауда.