Отырар төрінде қос қайраткердің рухани мұрасы ұлықталды. Биыл тарихшы-этнограф, мәдениет жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толып отыр. Оған қоса филология ғылымдарының докторы, қазақ тілін зерттеуші Өмірзақ Айтбаевтың дүниеге келгеніне 90 жыл. Осыған орай тұлғалар туған топырақта ғылыми-танымдық конференция өтті.