Тазалық сақтау әр азаматқа сын, ал оны жүйелеу жергілікті билікке міндет. Алайда Ордабасы ауданына қарасты Сыпатаев ауылында бұл жұмыс ақсап тұр. Бүгінде 1300-ге тарта тұрғыны бар елді мекенде көше бойын жайлаған бейберекет қоқыс көбейген. Ауылдың бүгінгі ахуалын арнайы барып қайтқан әріптесім Дана Қазыбек тарқатады.