Алматыдан Ақтөбеге мың партия трамадол жөнелткен қылмыстық топ анықталды

14
2026-09-02

Алматы дәріханасының фармацевті Ақтөбе облысына заңсыз дәрі-дәрмек жөнелткені үшін ұсталды. Қылмыстық топ құрған ол әсері күшті есірткі тектес дәрілерді көлікпен жіберіп отырған. Топтың өз операторы, ораушысы және есірткіні тығып сататын адамдары болған. Полиция қызметкерлері мыңнан аса трамадолды тәркіледі.  Айта кетейік, биылдан бастап бұндай дәрілерді заңсыз сатқан адамдардың жазасы күшейіп, олар 15 жылға дейін сотталатын болады.