22 жыл бойы жалғасып келе жатқан «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы кезекті жазғы маусымын қорытындылады. Үш ай бойы өңір жастары елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарына белсене атсалысты. Бүгін Түркістан облысы бойынша жоба нәтижесі жарияланып, үздік шыққан аудандар арнайы номинациялармен марапатталды.