Мектеп асханаларындағы ас мәзірі өзгерді. Ұсынылатын тағамдардағы қант мөлшері 3,6 есеге, ал тұз 5 есеге азайтылды. Оның орнына көкөніс пен жеміс-жидек, сүт өнімдерінің үлесі артқан. Осылайша, мектеп тағамының құрамы қайта қаралып, оқушылардың дұрыс әрі пайдалы тамақтануына басымдық беріліп отыр.