Мұхтар Тілеуберді сыртқы істер министрі болып тағайындалды

13
2026-09-02

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Мұхтар Тілеуберді 1968 жылғы 30 маусымда дүниеге келген. Ол дипломатиялық қызметін 1993 жылы бастаған. Шетелде Қазақстанның Корей Республикасындағы Елшілігінде екінші хатшы және Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді. ҚР Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының сыртқы саясат мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымында болды. 2019-2023 жылдары Сыртқы істер министрі, кейін Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі қызметтерін атқарды. Бұған дейін Қазақстанның Австриядағы Елшісі және Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болды.