E JOLDAR платформасы іске қосылады

14
2026-09-01

Қазақстанда E-Joldar платформасы іске қосылады. Жаңа цифрлық жүйе автожолдар, құрылыс және жөндеу жұмыстары, зертханалық сынақтар, жол бойындағы инфрақұрылым мен азаматтардың өтініштерін бір ортаға жинақтайды.  Мұндай платформа құру қажеттігін  мемлекет басшысы 2024 жылғы жолдауында атап өткен болатын. Президент бұл жобаны жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына қоғамдық бақылауды күшейту құралдарының бірі ретінде айқындаған еді. Айта кетейік,  E-Joldar тек ақпараттарды бір жүйеге жинап қана қоймайды. Ол жол жағдайын бағамдап, талдайды. Платформадағы RoadIQ бұрын жүргізілген жөндеу жұмыстары мен көлік қозғалысының қарқыны туралы мәліметтерді талдап, сын-қатерлерді алдын ала анықтай алады. Осылайша цифрлық жүйе жол саласын бақылау және басқару тиімділігін арттырады,  – деді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» директоры Серік Имашев.