6 мыңға жуық азамат айыппұл арқалады

14
2026-09-01

Қоғамдық орындарда қоқыс тастап, бей-берекет әрекет танытқандарға айыппұл салу жалғасып жатыр. Мәселен, Түркістан облысында жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластаған 5 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 170 миллион теңгеге жуық. Оның 113 миллион теңгесі өндірілген. Сондай-ақ абаттандыру қағидаларын бұзғандар да жауапкершіліктен тыс қалмады. Бұл бағытта 7 мың 935 хаттама толтырылып, 6 мың 924 азаматқа ескерту берілген. Ал 808 құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды. Нәтижесінде бюджетке 31 миллион 543 мың теңге өндірілген.