Түркістан өңірінің білім саласына елеулі үлес қосқан Иманқұл Ибраев атындағы мектепте бүгін алғашқы қоңырау соғылды. Бұл оқу орны білім мен тәрбиені ұштастырып, жас ұрпаққа сапалы білім беріп келеді. Заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ордасында оқушылардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Мұнда шәкірттердің білім алуына ғана емес, олардың тәрбиесі мен қабілетін шыңдауға да ерекше мән беріледі.