Студенттер жаңа оқу жылын бастады

14
2026-09-01

Білім күні мектептерде ғана емес, жоғары оқу орындарында да аталып өтті. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жаңа оқу жылын салтанатты шарамен бастады. «Қызғалдақ сарайында» өткен кешке бірінші курсқа қабылданған студенттер жиналды.