Түркістанда Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Жиында сайлауалды науқанның нәтижелері сараланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды. «Әділет» партиясының өкілдері бір ай ішінде өңірдің шалғай аймақтарын аралап, ауқымды жұмыс жүргізді. Тұрғындармен 2 жарым мыңдай кездесу өткізіп, 794 елді мекенді ақпараттық-насихат шараларымен қамтыды. Нәтижесінде партия сайлау барысында 71,17 пайыз дауыс жинап, айқын жеңіске жетті. Бүгін саяси науқан барысында белсенділік танытқан азаматтар арнайы марапатталды. Оларға «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебайдың алғыс хаттары табысталды.