Мемлекет басшысы Вице президенттің алдына бірқатар нақты міндет қойды

12
2026-08-31

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ерлан Қаринді қабылдап, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа лауазымның маңыздылығына тоқталды. Кездесуде Президент Вице-президенттің алдына бірқатар нақты міндет қойды. Атап айтқанда, Ерлан Тынымбайұлына Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде Мемлекет басшысының атынан өкілдік ету тапсырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды.