Бүгін ел тарихындағы маңызды саяси шешімдер қабылданды. Құрылтайдың жалпы отырысында Қазақстанның жаңа вице-президенті тағайындалды. Бұл лауазымды қызметті енді Ерлан Қарин атқарады. Сонымен қатар, Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына қайта бекітілді. Үкімет басшысының кандидатурасын депутаттардың басым бөлігі қолдады. Ел басқару жүйесіндегі тарихи шешімдер қалай қабылданды? Әріптесім Айдана Дүйсенбаева тарқатып айтады.