Отандық телевизия саласы тағы бір ардақты азаматын жоғалтты. Белгілі тележурналист, Қазақстан Журналистер одағының лауреаты Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті. Түркістан қаласында туған қаламгер 40 жылдан астам уақытын журналистикаға арнады. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, сол жылы телеарнадағы еңбек жолын бастады. «Хабар» агенттігі құрылған күннен бастап қызмет етіп, ұзақ жылдар бойы Алматы облысындағы меншікті тілші болды. Ел мен жердің тынысын, ауылдағы ағайынның мәселесін республикалық эфирге жеткізген тәжірибелі журналист кәсібіне адалдығымен танылды. Еңбегі үшін бірқатар марапатқа ие болып, «Алтын микрофон» иегері атанды. Тілеуқабыл Мыңжасардың жарқын бейнесі мен мол мұрасы қазақ телевизиясының тарихында сақталады.