Кентау қаласының қалыптасуы мен өндірісінің дамуына айрықша үлес қосқан тұлғаның есімі ұлықталды. Даңқты ардагер кенші, мемлекет және өндіріс қайраткері Сақ Мәуленқұловтың туғанына 100 жыл толуына орай бірқатар тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Мерейтой аясында кеншінің атына берілген көшеге ескерткіш қойылып, оның еңбек жолына арналған конференция өтті.