Түркістан облысындағы тері-венерологиялық ауруханасының құрылғанына -100 жыл. Бүгін облыс орталығында ғасырлық тарихы бар медицина ұйымының мерейтойына орай халықаралық басқосу өтті. Ғылыми-практикалық конференцияға 200-ге жуық дерматология және венерология саласының мамандары қатысты. Басым бөлігі еліміздің әр аймағынан жиналса, енді бірі өзге мемлекеттерден арнайы келген. Білікті дәрігерлер жиында заманауи диагностика мен емдеу әдістерімен бөлісіп, жұқпалы және созылмалы тері ауруларының алдын алуға қатысты мәселелерді ортаға салды.