Президент балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін шектеуді ұсынды

15
2026-08-28

Енді балалардың әлеуметтік желіге тіркелуі шектелуі мүмкін. Бұл бастама интернеттегі бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың бірі. Құрылтай отырысында Президент 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне заңнамалық негізде тыйым салу бастамасын қолдады. Қазіргі таңда зиянды контетті сүзгілеу, балаларға арналған SIM карталарды енгізу мәселелері қарастырылып жатыр. Тіркелу кезінде балалардың жасын анықтау, олардың дербес деректерін қорғау және платформалардың жауапкершілігін арттыру басты назарда болуы тиіс. Осыған ұқсас тәжірибе бұған дейін Австралияда енгізіліп, 16 жасқа толмаған пайдаланушыларға тиесілі миллиондаған аккаунт бұғатталған болатын.