Кәсіпкерлер кеңесі өтті

99
2026-08-28

 Биылғы жылдың алғашқы алты айында Түркістан облысының кәсіпкерлері 11 мәселені Өңірлік кеңестің талқысына шығарды. Түйіткілдер арасында су мен инфрақұрылым тапшылығынан бастап, қаржыландыру мен өндірістегі кедергілер бар. Бұл туралы Атамекен кәсіпкерлер палатасында өткен арнайы жиында мәлім болды. Кездесуде кәсіпкерлердің есеп жүргізу жүйесін жеңілдетуге бағытталған «Business Go» жобасы талқыланды. Жиында жобаның өңірдегі бизнесті дамытудағы маңызы мен практикалық тиімділігі егжей-тегжейлі сөз болды.