Президент көші қон және «алтын виза» туралы заң қабылдауды тапсырды

22
2026-08-28

Құрылтайдың бірінші сессиясында депутаттар жасанды интеллектіні білім беру саласына енгізу, цифрлық активтер индустриясын дамыту және Digital Qazaqstan стратегиясына қатысты заң жобаларын қарауы қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы мәлімдеді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы  «Алтын виза» енгізуге, көші-қон саясатын жетілдіруге, «Кітапхана және баспа ісі туралы» заң жобасын әзірлеуге тапсырма берді. Ал мәдениет саласын қолдау мақсатында  «Шәмші Қалдаяқов» медалін және «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізудің заңнамалық негізін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Президенттің айтуынша, Құрылтай әр саладағы заңнаманы мұқият саралап, оның Конституция талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі керек. Заң жобалары халыққа түсінікті, әділетті әрі заман талабына сай болуы тиіс.