Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Бұл туралы бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Мемлекет басшысы төл тарихымызда Құрылтайда мемлекеттік маңызы бар мәселелер кеңінен талқыланып, ортақ шешімдер қабылданғанын атап өтті. Президент осы тұста Қазақстанның жаңа өрлеу кезеңіне қадам басқанын және биыл еліміздің болашағы үшін мән-маңызы зор көптеген тарихи оқиғалар болғанын алға тартты. Және Құрылтай депутаттарына жаңа органның тарихи миссиясын абыроймен атқаруға тілектестік білдірді.