Түркістанда этномәдени бірлестіктердің басын қосқан «Бірлікке үн қосқан» республикалық фестивалінің өңірлік кезеңі өтті. Өнер додасында түрлі этнос өкілдері ұлттық мәдениеті мен шығармашылығын паш етті. Тартысты байқаудың негізгі мақсаты – қоғамдық келісім мен ел бірлігін өнер арқылы дәріптеу.