Павлодар облысында 14 жыл бұрын жасалған ауыр қылмыс ашылды. 2012 жылы бау-бақша қоғамдастығында 62 жастағы әйел зорланып, қаза тапқан. Сол кезде қылмыскерді анықтау мүмкін болмаған. Алайда іс тоқтатылмай, қайта зерделенді. Криминалистердің жұмысы нәтижесінде күдікті анықталып, ДНҚ сараптамасы оның қылмысқа қатысын растады. Бұрын сотталған 1964 жылы туған ер адам кінәсін мойындады. Ол ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Полиция өткен жылдардағы ашылмаған қылмыстарды тергеу жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.