Бизнесті қаржыландыру көлемі артады

12
2026-08-27

Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің Директорлар кеңесін өткізді. Отырыста Холдингтің 2033 жылға дейінгі жаңартылған даму жоспары мақұлданды. Жаңа стратегия мемлекеттік инвестициялық саясатты күшейтуді, жеке капиталды тартуды және бизнесті қолдаудың тың тәсілдерін көздейді. Холдинг кәсіпкерлік блогын қаржыландырудың жылдық көлемін 8 триллион теңге деңгейінде сақтауды жоспарлап отыр. Мәселен, 2026 жылдың басынан бері 6,9 триллион теңге игерілсе, оның 5,1 триллионы бизнесті қолдауға жұмсалған. Ал 2029 жылдан бастап бюджетке тәуелділік кезең-кезеңімен төмендетіліп, нарықтық қаржы көздері кеңейтіледі.