Су тасқынынан 162 адам қаза тапты

15
2026-08-27

Непал мен Қытайдың шекарасына жақын аймақта болған с тасқынынан қаза тапқандар саны 162 адамға жетті. Тағы 558 кісі іздестірілуде. Ажал құшқандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің басым бөлігі қасиетті Кайлаш тауына қажылыққа барған үндістандықтар және АҚШ, Ұлыбритания, Канададан келген туристер. Тіпті халыққа көмекке ұмтылған жиырмадан астам полиция қызметкері де балшық астында қалған.