Президент Тамыз конференциясына қатысты

11
2026-08-26

Бүгінде елімізде бес мыңнан астам мұғалім жетіспейді. Себебі жыл өткен сайын халық саны артып келеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық тамыз конференциясында айтты. Жиынға еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам білім саласының қызметкерлері мен еңбек ардагерлері қатысты. Онда кадр тапшылығын жоюмен, педагогтерді қағазбастылықтан босату, пәндердің маңыздылығы мен өңірлердегі білім сапасына қатысты мәселелер сөз болды. Тақырыпты әріптесім Айдана Дүйсенбаева тарқатып айтады.