Мемлекеттік қызмет электронды жүйеге көшкен

12
2026-08-26

Еліміздегі цифрландыру әр салада жанданып келеді. Мәселен  Мемлекеттік кірістер органдары 99 пайыз қызмет түрін электронды форматта көрсетуге көшкен. Биылғы жеті айда 1 миллионнан астам қызмет көрсетіліпті. Басым бөлігі салық және кеден салаларына тиесілі. Бұл туралы бүгін өткен брифингте баяндалды. Мамандардың айтуынша цифрландырудың тиімділігі азаматтар мен кәсіпкерлердің уақытын үнемдеу. Көптеген қызметті мемлекеттік органға бармай-ақ, онлайн алуға мүмкіндік беру. Сондай-ақ, қағазбастылықты азайтып, қызмет көрсету барысын ашық ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету.