Бүгінде Түркістан облысында 100 мыңнан астам адам баспанаға мұқтаж есебінде тұр. Бұл туралы облыс әкімдігінде аймақ басшысының қатысуымен өткен жиында белгілі болды. Соңғы бес жылда 9 мыңға жуық адам жалдамалы пәтермен қамтамасыз етілген. Бұған дейін әкімдік кезегінде болған 69 мың азаматтың 80%-ы түгендеуден өткен. Ал қалған 12 400 адамның құжаттары мен заңды мәртебесін нақтылау жұмыстары әлі де жалғасуда.