Тамыз конференциясы өтті

15
2026-08-26

Бәйдібек ауданында дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. «Жаңа халықтық конституцияның нормалары мен құндылықтары: Адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбына арналған алқалы жиынға 500-ге жуық ұстаз қатысты. Басқосуда өткен оқу жылының нәтижелері сараланып, алдағы міндеттер айқындалды. Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпейіс Ақбаев, облыстық білім басқармасының өкілдері, ардагерлер мен мектеп директорлары қатысып, ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтады. Тамыз кеңесі үш кезең бойынша өтті. Алғашқы бөлімде сапалы білім беру, педагог мәртебесін көтеру және жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу мәселелері бойынша баяндамалар жасалды. Сондай-ақ шара барысында білім саласына сүбелі үлес қосқан бірқатар үздік педагог марапатталып, құрметке бөленді.