Жыл басынан бері 17 есірткі зертханасы жойылды

16
2026-08-25

 Елімізде жыл басынан бері 17 есірткі зертханасы жойылды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл 4,5 мың есірткіге қатысты құқық бұзу дерегі тіркелген. Заңсыз айналымнан 865 келі есірткі тәркіленіп, 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Осы істер бойынша 9 ұйымдастырушы мен 41 қатысушы ұсталды. Есірткі қылмысына кәмелетке толмағандардың  да қатысуы көпті алаңдатып отыр.  Жыл басынан бері осындай әрекеті үшін 55 жасөспірім ұсталған. Оның 32-сі есірткі өткізумен байланысты әрекеттерге қатысы бар. Сонымен қатар 8,5 мыңға жуық есірткі тарататын сайт бұғатталды. Заңсыз айналымға қатысы бар мыңдаған банк картасы мен шотқа шектеу қойылды.