Еліміздің саяси өміріндегі тағы бір белес артта қалды. Халық Құрылтай құрамын таңдады. Маңызды науқанның әділ әрі ашық өтуін 777 халықаралық байқаушы бақылады. Солардың бірі Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Сердар Мутту. Ол сайлау учаскелеріндегі жағдайды бақылап, Қазақстан халқының белсенділігін атап өтті. Түркиялық мейманның айтуынша дауыс беру барысында елде тыныштық пен тұрақтылық сақталған. Мәртебелі қонақ сайлаудан кейін сапарын Түркістанда жалғастырды. Ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат еттіп, Түркістан телеарнасында қонақ болды.