Құрылтай сайлауының соңғы қорытындысы жарияланды

11
2026-08-25

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берудің соңғы нәтижелерін жариялады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін аумақтық сайлау комиссиялары нәтижелер туралы хаттамалардың электрондық көшірмелерін орталық сайлау комиссиясына жедел жолдаған. Осы құжаттардың негізінде сайлаудың түпкілікті қорытындысы шығарылды. Нақтыланған дерекке сай, сайлаушылардың 70 пайыздан астамы «Әділет» партиясына сенім білдірген. Ал «Байтақ» пен «Қазақстан халық партиясы»  5 пайыздық межені еңсере алмады.  Сонымен қатар, төраға  бұл жолғы сайлау бюллетендеріне саяси партиялардың атауларымен қатар, «Бәріне қарсы» деген арнайы жолдың да енгізілгенін еске салып өтті.