Мемлекеттік қызметте жаңа кезең. Енді ұзақ жыл еңбек еткен қызметшілерге де, салаға жаңадан келетін жастарға да бірқатар мүмкіндіктер беріледі. Мәселен, мемлекеттік наградасы бар және қызмет өтілі 25 жылдан асатын маман зейнетке шыққанда бір реттік 4 лауазымдық жалақы көлемінде сыйақы алады. Ал қызмет барысында өңір ауыстырған мемлекеттік қызметшілерге тұрғын үй төлемі және көтерме жәрдемақы беріледі. Жаңа тетіктердің басты мақсаты – білікті кадрды сақтап, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру.