Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадасының жеңімпаздарымен кездесті. Салтанатты шараға халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен олардың ұстаздары, тәлімгерлері шақырылған. Мемлекет басшысы білім сайысында үздік нәтижеге қол жеткізген дарынды жастарды жеңісімен құттықтап, ел дамуындағы білімнің рөліне тоқталды.